русский язык

Ресми: Мальтаға қарсы матч өтпейтін болды

Ресми: Мальтаға қарсы матч өтпейтін болды

7 маусымға жоспарланған Қазақстан - Мальта матчы өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі ресми хабарлады.

- Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопьеде, сосын 7 маусым күні Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен жолдастық кездесулер өткізуі тиіс болған.

Алайда, пандемияның өршіп тұрған кезінде Аустрия аумағына виза алу өте қиынға соқты. Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты. Осы мәселеге байланысты Қазақстан - Мальта матчы ойналмайды.

Демек, Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз 4 маусым күні Македонияға қарсы ойнап болған соң, Қазақстанға оралады. Екінші жолдастық ойын күздегі УЕФА датасына қалдырылды, - деп жазды ҚФФ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;