Бокс

Жүкембаев - Матиас жекпе-жегіне төрешілердің берген бағасы қандай?

Жүкембаев - Матиас жекпе-жегіне төрешілердің берген бағасы қандай?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) пен пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жегі аяқталған соң Showtime төрешілердің қос боксшыға берген бағасын (ұпайын) жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Жүкембаев - Матиас жекпе-жегінің 8-раундында қазақстандық боксшы кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Алғашқы сегіз раундтан кейінгі төрешілердің есебы мынадай болды: 77:74 (Том Карузоне), 76:75 (Роберт Хойл) және 77:74 (Закари Янг). Барлығы жеңісті Матиастың пайдасына жазған.

30 жастағы қазақстандық кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Сөйтіп жақын арада IBF тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер болу мүмкіндігінен айырылды. Өйткені оның Матиаспен жекпе-жегі «төрт турнирдің» жартылай финалы болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер