Хоккей

​Саян Данияр: Өз ойынымызды көрсетуге дайындалдық

news-banner7
mobile-news-top

Канадамен матчта бірден екі ағайынды Данияр – Саян мен Самат дебют жасады. Қос ойыншы да Қазақстан құрамасына жаңадан қосылған жастар, олар бірге Канадада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетті. Ойыннан кейін Саян Данияр матчтан алған әсерлерімен бөлісті.

- Қай сәтте бойдағы қорқыныш кетті? Алғаш соққыны бөгегенде ме?

- Ойынға бара жатқанда-ақ барлығы маған көмектесумен болды, командамыз өте тату болғандықтан аса қатты қобалжу болмады. Дайындыққа шыққаннан кейін жеңілдік пайда болды, бапкерлеріміз шығып, өз ойынымызды ойнауға дайындады.

- Матчтың 13 пен 15-ші минуты аралығында канадалықтар біздің аймақта ұзақ комбинациялар жасаумен болды, сәттерді жүзеге асыруға тырысты, ойын кезеңінің соңына қарай шаршаңқылық титықтатты ма?

- Жоқ, шаршаңқылық болған жоқ, оның үстіне канадалықтар да шайбаны жақсы игерді, алайда біз нұсқауға сай қимылдадық, өз қақпамыздың алдында ойнадық, шайба дарытпаудың амалын қылдық, қатты шаршау болмады.

- Қай сәтте қиыс кетті? Үшінші кезеңде есеп теңестіргеннен кейін шайба дарытқанда қаншалықты өкініш болды?

- Үшінші голды өткізіп алғанымызда қиын кетті. Оны өткізбегенде тең есеппен әрі қарай ойнай берер едік. Бар күш-қуатымызды бағыттадық, сала алмадық, сәттілік жетіспеген сәттер болды.

- Қазақстан құрамасының солтүстік америкалық командаларға қарсы матчтары неліктен осалдау болып жатыр?

- Осалдау дегенде, біз барлық матчқа шайқасу, ел намысын қорғап, жеңу үшін шығамыз. Тек кей жерлерде сәтін салмады, дәл осы матчтарда ұтымды сәттерде гол сала алмадық.

- Өз дебютіңді толығырақ айтып берсең. Ойнайтыныңды қашан білдің және қандай сезімде болдың?

- Кеше бізге ойынға қатысатын құрамды жіберді және алғашқы минуттарда қобалжу болды. Алайда ұйықтар алдында «канадалықтар да адам ғой, бізден еш жері артық емес» деген ой келді. Жәй шығамыз да, өзіміздің үздік ойынымызды көрсетеміз дедім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер