Басқа

Анастасия Резнецева жүзуден іріктеу турнирінде төртінші болды

Анастасия Резнецева жүзуден іріктеу турнирінде төртінші болды
news-banner7
mobile-news-top

Клайпедада (Литва) жүзуден олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың кезекті күнінде финалда қазақстандық Анастасия Резванцева қатысты.

Ол арқамен жүзу бойынша 50 м қашықтықта бақ сынады.

Қазақстандық спортшы тиісті қашықтықты 30.54 уақытта бағындырып, финалда төртінші болды.

Айта кетерлігі, ертең, 29 мамыр күні Анастасия Резванцева, Әділбек Мусин және Александр Варакин жарыс жолына шығады.

Ескертетіні, олимпиадалық нормативті орындаған жағдайда Олимпиада жолдамасына ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер