Бокс

Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) және оның қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу және көз түйістіру рәсіміне қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Екі спортшы да бірінші орта салмақ шегін (140 фунт, 63,5 келі) орындады. Жүкембаевтың салмағы 139,8 фунт (63,4 келі) болды. Ал қарсыласы одан сәл жеңіл болды - 139,6 фунт (63,3 келі).

Айта кетейік, жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 мамыр таңертең Карсонда (Калифорния, АҚШ) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер