ММА

Кичигин қатысатын АСА 123 турнирінің тікелей трансляциясы

Кичигин қатысатын АСА 123 турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

28 мамырда Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен ACA 123 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Георгий Кичигин (24-7) жартылай орта салмақтағы рейтингте бесінші орында тұрған Элиас Сильвериомен (17-6) кездеседі.

Соңғы рет Кичигин ACA 118 турнирінде 2021 жылдың ақпанында өнер көрсетті. Онда төрешілердің шешімімен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовтан (9-4) жеңілді. Ал Элиас Сильверио ақпанда жекпе-жек өткізді. ACA 117 турнирінде ол ресейлік файтер Али Баговтан (30-11) жеңілді.

Мәскеуде өтетін ACA 123 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да басталады. Кешті сілтеме арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер