Басқа

Кравченко стенд атудан Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Кравченко стенд атудан Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Стенд атудан Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жолдамамен толықты. Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) стенд атудан Еуропа чемпионаты аяқталған соң, қосымша лицензияларды сарапқа салған болатын. Нәтижесінде, жолдама стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Зоя Кравченкоға берілді.

Зоя Кравченко 1999 жылы 24 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Универсиада ойындарының және Үндістандағы әлем кубогі кезеңінің күміс медаль иегері. Сондай-ақ, кубоктік кезеңде командалық есеп бойынша чемпион атанған.

Жыл басынан бері қазақстандық мергендер әлем кубогы кезеңдері мен Азия чемпионатына қатысып, 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.

Халықаралық федерация қосымша лицензияларды 2021 жылдың 7 маусымына дейін үлестіреді. Содан соң, Қазақстан спорттық ату федерациясы Олимпиада ойындарына қатысатын құрамды жариялайды.

Айта кетелік, бұл мергендер еншісіндегі үшінші, ал жалпы есептегі 61-жолдама. Бұған дейін нысана көздеуден Юрий Юрков, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова лицензия жеңіп алған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер