Бекман Сойлыбаев Дубайда жекпе-жек өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз4 жылдан бері жекпе-жек өткізбеген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев шаршы алаңға оралады.
Boxrec мәліметінше, Бекман Сойлыбаев 10 шілдеде Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Әзірге қарсыласы белгісіз.
Бекман Сойлыбаев рингтегі соңғы жекпе-жегін 2017 жылы күзде өткізіп, мексикалық Фернандо Варгасты жеңді.