Басқа

Әділбек Мусин жүзуден лицензиялық турнирде финалға өтті

Әділбек Мусин жүзуден лицензиялық турнирде финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Литваның Клайпеда қаласында жүзуден лицензиялық турнир басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 23.74 секундты көрсетіп, іріктеу қорытындысы бойынша бірінші орын алды.

Анастасия Резванцева 100 метрге шалқалап жүзуден 1 минут 05.66 секундты көрсетіп, финалға жолдама алды.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 21.30-да өтеді.

Олимпиадаға лицензия алу үшін нормативті орындау қажеттігін еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер