Футзал

«Қайрат» бразилиялық шабуылшымен қоштасты

«Қайрат» бразилиялық шабуылшымен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы 37 жастағы бразилиялық шабуылшы Фернандиньо келісімшарттың аяқталуына байланысты командадан кететіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Propsorts.kz.

Фернандиньо «Қайратқа» 2020/2021 жылғы маусымының басында ауысып келіп, клубқа Қазақстан Чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алуға көмектесті. Алматылық клуб сапында 29 матч өткізіп, 41 гол соқты және 20 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Фернандиньо бұған дейін бразилиялық «Сан-Паулу», мәскеулік «Динамо» және португалиялық «Бенфика» сапыгнда өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер