Басқа

2021 жылғы V Спорттық Жастар ойындары тамызда аяқталады

news-banner7
mobile-news-top

V Жастар арасындағы спорттық ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енген.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатыр. Бүгін 20 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында Алматы қаласы (671) ұпай, екінші орында Шымкент қаласы – 621, үштікті Алматы облысы түйіндейді 607 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысқан болатын.

Жастар ойындары биыл наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіледі.

Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер