Бокс

WBC чемпионы болған қазақстандық боксшы 4 жылдан соң рингке оралды

WBC чемпионы болған қазақстандық боксшы 4 жылдан соң рингке оралды
news-banner7
mobile-news-top

WBC International нұсқасы бойынша 2-ші жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион, қазақстандық Бекман Сойлыбаевтың (12-0, 4 КО) рингке оралатын күні белгілі болды.

Boxrec.com-нің хабарлауынша, Сойлыбаев көптен күткен жекпе-жегін 10 шілдеде Дубайдағы (БАӘ) бокс кешінде өткізеді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады. Сойлыбаевтың қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы кәсіби рингке соңғы рет 2017 жылдың 19 қазанында шыққан. Онда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Monte Carlo Resort and Casino аренасында өткен 10-раундтық жұдырықтасуда Бекман Сойлыбаев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Фернандо Варгасты жеңіп шыққан.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер