Иван Степаненко: Жан рақаты үшін ойнаймыз
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОсы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасындағы ойыншылардың көпшілігі үшін дебютті чемпионат болды, олардың қатарында бұрын тек жастар мен жасөспірімдер деңгейінде ойнаған Иван Степаненко да бар. АҚШ-пен ойыннан кейін қорғаушы матчтан алған әсерімен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Иван көптеген соққыларды өткізбеді, қалыпқа келу қаншалықты қиын болды?
- Барлығы бірдей деп ойлаймын, ертерек ұйықтау, кешкі ас ішу, демалу. Қалыпқа келеміз.
- Екінші және үшінші шайбалар ойын кезеңдерінің басында салынды, бұл неліктен екенін түсіндіре аласыз ба?
- Бұл ойын барысындағы сәт, кейде уақытылы ауыспай қалдық, бұл жөнінде тереңірек пікір білдіре алмаймын.
- Сіз үшін де дебют. ҚР чемпионатының ойыншысы екеніңізді ескерсек, бейімделу қаншалықты қиын болды?
- Әрине қиын, мүлдем басқа жылдамдық, шебер ойыншылар. Ал негізі бұл кез келген ойыншы үшін мереке, мұнда ойнау, өзіңді көрсетуге тырысу. Жан рақаты үшін ойнаймыз.
- АҚШ сияқты қауіпті шабуылдаушы командаға қарсы қорғану қаншалықты қиын?
- Мұндай командалармен тығызырақ ойнау керек, бұл бапкердің нұсқауы, сол кезде қорғану оңайырақ болады.
- Қолыңызға не болды, мұз қойыпсыз?
- Ойын барысындағы ұсақ-түйек, қорқатын ештеңе жоқ.
- Бәлкім, екі жеңістен кейін эмоционалдық тұрғыдан жинала алмай қалдыңыздар ма? Және Виктор Сведбергтің ойыны қаншалықты жетіспеді?
- Біз әрбір ойынға жеңіске деген құлшыныспен шығамыз. Ал Витя Сведбергтің болмағанына қатысты: бізде нәтиже көрсетуге дайын ойыншылар әлі де көп, бұл бір ықпалын тигізді дей алмаймын.