Басқа

Қазақстандық екі таеквондошы Паралимпиаданың жолдамасын жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Иорданияның Амман қаласында паратаеквондо бойынша Азия аймақтық іріктеу турнирі өтті.

Іріктеу нәтижелері бойынша екі спортшымыз Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарға жолдама алды: Нышан Омірәлі (75 келіден жоғары) мен Кәмиля Досмалова (58 келіге дейін).

Осылайша қазақстандық паратаеквондошылардың қазынасында Токио-2020-ға 3 лицензия бар.

Былтыр екі дүркін әлем чемпионы Нұрлан Домбаев 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші орнына ие болып, Қазақстанға паратаеквондодан алғашқы лицензияны әкелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер