ММА

Сен-Пьер Хабибті жекпе-жекке шақырды

news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер мансабын аяқтаған Хабиб Нурмагомедовке жекпе-жек өткізуді ұсынды. Бұл туралы менеджер Әли Әбдел-Әзиз мәлімдеді.

«Он күн бұрын Уайт хабарласып, Сен-Пьер Хабибпен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл жартылай орта салмақтағы титулсыз жекпе-жек болады деді.

Біз Жоржды төрт-бес жыл күттік. Бірақ UFC-де оның жеңіл салмаққа өткенін қалады. Ол мансабын аяқтағанына қарамастан октагонға шыққысы келеді екен» — деп келтіреді менеджердің сөзін Bloody Elbow.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер