Бокс

Азия чемпионаты: Екінші жарыс күніндегі қазақстандық боксшылардың нәтижесі

Азия чемпионаты: Екінші жарыс күніндегі қазақстандық боксшылардың нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2021 жылғы Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан 49 келі салмақтағы жас боксшы Даниял Сәбит қарсыласын жеңіп, жартылай финалға өтті.

91 келі салмақта Олимпиада лицензиясының иегері Василий Левит ирандық Эхсан Рузбаханды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Өкінішке орай, Закир Сафиуллин Моңғолия боксшысынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер