Бокс

Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Дубайда (БАӘ) бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Даниял Сәбит шықты. Қазақстан құрамасындағы ең жас спортышның алғашқы қарсыласы Индонезия боксшысы Корнелиус Квангу болды. Жекпе-жек кезінде жойқын соққыларымен көзге түскен ол қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Нәтижесінде, қазақстандық боксшы құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына шықты.

Айта кетерлігі, Даниял Сәбит жартылай финалда ұтылған жағдайда, жарыстың қола жүлдесіне ие болады. Ал жартылай финалда қарсыласынан басым түссе, чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер