Бокс

Әбілхан Аманқұл: Қарсыласымның шаршы алаңға шықпайтынын ең соңғы сәтте білдім

Әбілхан Аманқұл: Қарсыласымның шаршы алаңға шықпайтынын ең соңғы сәтте білдім
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Әбілхан Аманқұл келесі кезеңге өтті. Бірінші айналымда оның кувейттік қарсыласы кездесуге шыққан жоқ.

"Қарсыласымның кездесуден бас тартқанын ең соңына дейін білген жоқпын. Тек шаршы алаңға шыққан кезде ғана жекпе-жектің өтпейтіні белгілі болды. Енді әрі қарай дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз. Бұл чемпионатта менің басты қарсыластарым көп. Филиппин, Иран, Өзбекстан спортшылары мықтылар қатарында", - дейді Әбілхан.

Айта кетелік, Әбілхан Аманқұл 75 келіге дейінгі салмақта сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер