Басқа

Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге оралды

Паражүзуден Еуропа чемпионы Сиязбек Далиев елге оралды
news-banner7
mobile-news-top

Пара жүзуден Еуропа ашық чемпионатының жеңімпазы Сиязбек Далиев Қазақстанға ұшып келді.

Спортшыны әуежайда жақындары мен әріптестері күтіп зор құрметпен қарсы алды. Айта кетейік, жарыс 16-22 мамыр аралығында Португалияның Мадейра аралында өтті. Оған әлемнің 47 елінен 380 спортшы қатысқан.

Соның ішінде Сиязбек Далиев баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

Сиязбек Далиев, паражүзуден 2021 жылғы Еуропа чемпионы:

– Бастапқы екі күнде оңай болған жоқ, қиын болды. Жарыста тек финалда шығуға мүмкіндік болды. Содан кейін өзімнің дистанциямда үшінші күні алтын медальға ие болдым. Ендігі Параолимпиада ойындары бізге дайындық болады. Оқу жаттығу жиындары жүргізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер