ММА

OCTAGON 19 турнирінің проморолигі жарияланды

OCTAGON 19 турнирінің проморолигі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық OCTAGON лигасының баспасөз қызметі OCTAGON 19 турнирінің алдында титулды жекпе-жектің проморолигін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 мамырда Алматыда өтетін кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Махир Мамедов (14-1) Адис Таалайбекұлымен (6-1-2) кездеседі. Бұл кездесуде орта салмақтағы (83,9 келі) OCTAGON лигасының титулы сарапқа салынады.

Кештің негізгі кездесуінде қазақстандық Сәтбек Есенгелдин (5-1) өзбекстандық Рамазонбек Темировпен (5-2) жұдырықтасады.

Айта кетейік, OCTAGON 19 турнирі 28 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей эфирде OCTAGON TV Youtube-арнасы көрсетеді.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер