Басқа

«Турнирдің өту уақыты төрт рет ауысты»: Жапаров лицензиялық додаға баға берді

«Турнирдің өту уақыты төрт рет ауысты»: Жапаров лицензиялық додаға баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Руслан Жапаров Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ауыр салмақта сынға түскен спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, тартысты турнирден кейінгі әсерімен бөлісті.

"Жарыс ойдағыдай өтті. Рейтингте бірінші орында тұрғандықтан, турнирді жартылай финалдан бастадым. Қарсыласыммен бірінші рет кездескендіктен, оңай болған жоқ. Десе де, бар күшімді салдым. Өйткені, бұл Олимпиадаға жолдама алатын соңғы мүмкіндік еді. Сондықтан, лицензия жеңіп алғанда ерекше қуандым. Оның үстіне, лицензиялық турнирдің өту-өтпеуі де ең соңына дейін нақтыланған жоқ. 2019 жылдан бері жарыстың өту мерзімі төрт рет ауысыпты. Бұл психологиялық тұрғыдан қиын соқты.

Барша қазақ елі сенім артқаннан кейін, жеңісті қолдан бермеуге тырыстым. Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Өзімді 100 пайыз бабымдамын деп айта алмаймын. Десе де, жаттығатын, бабымызға енетін уақыт әлі де бар. Үздіксіз дайындаламыз", - дейді Жапаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер