Бокс

Қазақстандық боксшылар АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық боксшылар АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшылар Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) пен Николай Шваб (6-0, 3 КО) Boxrec.com порталының рейтингінде өз позицияларын жақсартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Екеуі де бүгін таңертең Майамиде (АҚШ) айқасты. Мұсәділов бірінші раундта-ақ америкалық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутқа жіберіп, бірінші ауыр салмақтағы рейтингте 219-орынға көтерілді.

Ал Шваб мексикалық боксшы Карлос Хименеспен (1-1-1, 0 КО) жекпе-жекке шықты Алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінен кейін жеңіс қазақстандыққа берілді. Қазір Шваб BoxRec жеңіл салмағында 843 орында тұр.

Серік Мұсәділов пен Николай Шваб үшін бұлардың 2021 жылғы алғашқы айқастары болғанын айта кеткен жөн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер