Киберспорт

WePlay AniMajor 2021 жарысының барлық қатысушысы белгілі болды

WePlay AniMajor 2021 жарысының барлық қатысушысы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

DPC аймақтық матчтары аяқталғаннан кейін Киевтің WePlay AniMajor 2021 жарысына қатысушылар толық анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге 18 команда қатысады: 6 команда турнирді Wild Card кезеңінен, 6 команда топтық кезеңнен бастайды, тағы 6 команда плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Wild Card қатысушылары: «AS Monaco Gambit», «Nigma», «Team Secret», «Invictus Gaming», «Execration», «Vici Gaming»/«PSG.LGD».

Топтық кезеңге қатысушылар: «Team Spirit», «Liquid», «TNC Predator», «Evil Geniuses», «Beastcoast», «Vici Gaming»/«PSG.LGD».

Плей-оффқа қатысушылар: «Virtus.pro», «Alliance», «Aster», «T1», «Quincy Crew», «NoPing e-sports».

Айта кетейік, WePlay AniMajor 2021 жарысы 2-13 маусым аралығында өтеді. 18 команда 2700 DPC-ұпайы мен 500000 долларды сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер