Хоккей

Әлем чемпионаты: Қазақстан - Финляндия матчының трансляциясы

Әлем чемпионаты: Қазақстан - Финляндия матчының трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы екінші кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы - қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасы.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады. Матч QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы кеше, 22 мамырда турнир қожайыны Латвияны жеңіп, чемпионатты сәтті бастады.

Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер