Бокс

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Николай Шваб (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Медлидегі бокс кешінде өнер көрсетті (АҚШ, Флорида). Швабтың қарсыласы мексикалық Карлос Хименес (1-0-1, 0 KO) болды.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Кездесу соңына дейін жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл жеңіс Шваб үшін алтыншы жеңіс болды. Ал Карлос Хименес алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер