Бокс

Әлімханұлының командасы жекпе-жек жайлы: Жәнібек үшін, біздің команда үшін бұл үлкен сынақ.

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) командасы америкалық Роб Брэнтке (W26-L2) қарсы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады.

«Көптен күткен жаңалық. Жәй жаңалық емес, маңызды жаңалық. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы РЕСМИ белгілі болды.

Жәй қарсылас емес, әлем чемпионы болған(Муратаны ұтқан), атағы бар, ел танитын, мамандар мықты деп бағалаған америкалық Роб Брант! Рекорды: 28 жекпе-жек өткізіп, 26-ын жеңген. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Құдай қаласа 26 маусымда Лас-Вегаста жекпе-жек! Ломаченконың алдында яғни коу-мейн эвентте өнер көрсетеміз.

Жәнібек үшін, біздің команда үшін бұл үлкен сынақ. QAZAQ STYLE мансабының алдағы жоспары мен бағыты осы жекпе-жекке қарай реттеледі.

Аңыз промоутер Боб Арум Жәнібекті шешуші сынынан өткізіп көрмек.

Ал біз? Бізге QAZAQ STYLE-ды әлемге паш етуге тамаша мүмкіндік! Құдай қаласа ұтамыз. Ұтқанда да әдемелеп ұтамыз. Күтіңіздер!», – деп мәлімдеді боксшының командасы.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер