ММА

Жалғас Жұмағұлов АҚШ-қа келді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындығының қорытынды кезеңін өткізу үшін АҚШ-қа келді.

Бұл туралы файтердің өзі Іnstagram-парақшасында мәлімдеді. Ол әлеуметтік желіге АҚШ-қа келген сәтінен фотосын жүктеді.

32 жастағы спортшы өзінің UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада) UFC 264 турнирінде өткізеді. Жумагуловтың қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5) болады. 26 жастағы америкалық соңғы үш кездесуінде де қарсыластарына есе жіберген.

Жалғас UFC 257 турнирінде Амир Албазиден ұтылды. Осы жылдың наурыз айында Жұмағұлов Флоридадағы әйгілі American Top Team спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізді.

UFC 264 турнирінің басты оқиғасы екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер