Бокс

Жәнібек Әлімханұлы NABF чемпионымен бірге жаттығып жүр

Жәнібек Әлімханұлы NABF чемпионымен бірге жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Боксшы Тwitter-парақшасына NABF чемпионы Адам Лопезбен бірге жаттығудан түскен суретін жүктеді.

«Чемпиондармен бірге таңертеңгі жүгірістен», — деп жазды боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді. 28 жастағы боксшымыздың он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы - орта салмақтағы бұрынғы WBA чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады. Жәнібек ешқашан осындай жоғары деңгейдегі қарсыласпен кездескен емес.

Әлімханұлы мен Брант арасындағы айқас өтетін кештің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченконың мен жапон Масаёси Накатани жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қазанында Лас-Вегаста өткізіп, екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы нокаутқа жіберді (16-4, 6 КО). Брунт соңғы рет рингке былтыр 22 тамызда шықты. Украиналық Виталий Копыленкомен (28-3, 16 КО) қолғап түйістіріп, бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер