Бокс

Уайлдер мен Фьюри үшінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді

Уайлдер мен Фьюри үшінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді
news-banner7
mobile-news-top

Супер ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер осы тұжырым бойынша қазіргі чемпион Тайсон Фьюримен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фьюри келісімшартқа қол қою үшін Лас-Вегасқа жетті. Жекпе-жек 24 шілдеде өтеді.

Егер келісімшартқа қол қойылса, Фьюридің WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жегі кейінге шегеріледі. Ол 14 тамызға жоспарланған болатын.

Айта кетейік, Фьюри мен Уайлдер 2018 жылы желтоқсанда тең түсті. Ал 2020 жылы ақпанда өткен екінші жекпе-жекте Фьюри Уайлдерді нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер