Басқа

Қайрат Сарымсақов таеквондодан Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады

Қайрат Сарымсақов таеквондодан  Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады
news-banner7
mobile-news-top

Амманда (Иордания) WT Таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирі басталды. Жарыстың бірінші күні екі қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Алайда, олардың ешқайсысы Токио-2020 Олимпиадалық лицензиясын жеңіп ала алмады.

Бірінші жекпе-жекте Фариза Алдангорова (49 келіге дейін) Гонконг спортшысына қарсы басымдықпен жеңіске жетті, бірақ келесі жартылай финалдық кездесуде ол вьетнамдық қарсыласына есе жіберді.

Қайрат Сарымсақов (68 келіге дейін) алғашқы кездесуін Тәжікстан өкіліне қарсы жеңіспен бастады. Содан кейін жартылай финалда Сарымсақов өзбекстандық Ұлықбек Рашитов қарсы шықты, алайда ол біздің таеквондошымыздан мықты болып шықты.

Ертең, 22 мамырда еліміздің атынан Руслан Жапаров (80 келіден жоғары) пен Джансель Дениз (67 келіден жоғары) Олимпиада жолдамасы үшін күресті жалғастыратын болады.

Түпнұсқасы: kaztkd.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер