Басқа

Олимпиада ойындарына Қазақстан қанша қаражат бөлгені белгілі болды

Олимпиада ойындарына Қазақстан қанша қаражат бөлгені белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Токиодағы Олимпиадаға ҚР олимпиадашыларын дайындауға және қатыстыруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

«Біз бұл бағытта Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Құрылған ұлттық құрамалар сонда шоғырланған. Барлық қаражат Ұлттық олимпиада комитеті арқылы өтеді. Бізде тек олимпиадалық емес спорт түрлері қалды. Ұлттық олимпиада комитеті министрлік арқылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына шамамен 15 миллиард теңге бөледі», - дейді Ерлан Қожағапанов.

Оның айтуынша, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына шамамен 6 млрд теңге жұмсалған.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер