Жеңіл атлетика

Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді

Ташкентте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

6 маусым күні Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сын қазақстандық гимнастар үшін Олимпиадаға жолдама беретін соңғы мүмкіндік болмақ. Жарыс қорытындысы бойынша тек қана алтын жүлде иегеріне Токио ойындарының лицензиясы беріледі.

Егер жеңімпаз атанған спортшы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Токио ойындарына жолдама алатын болса, лицензия тізімде тұрған келесі гимнастқа беріледі. Әлем кубогінің соңғы кезеңі 26-31 мамыр күндері Италияда ұйымдастырылмақ.

Ташкент төрінде Қазақстан командасы жекелей сын және топтық жаттығу бойынша жолдамаға таласады. Жекелей сында ел намысын Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қорғайды.

Ал топтық бәсекеде Дария Шарафиденова, Жанерке Дәулетқұлова, Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Даяна Шаяхметова және Алина Чернышева өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер