Теннис

Айдос Кенжеғұлов: Қарсыласты бөліп жаруға болмайды

Айдос Кенжеғұлов: Қарсыласты бөліп жаруға болмайды
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Қарағандыда V жастар ойындарына қызу дайындалып жатыр. Құрама мүшесі Айдос Кенжеғұлов Olympic.kz сайтына маңызды додаға дайындығы жайлы айтып берді.

"Қарағанды қаласында 7 мамырдан бері оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. 16 мамырға дейін жалғасқан жаттығу жиынындағы басты мақсат - V жастар ойындарына дайындық болды.

Жастар ойынында сайысқа түсетін қарсыластардың барлығы таныс. Қарсыласты ешқашан бөліп жаруға болмайды, олардың әрқайссы өзінше ерекше, өзінше мықты, әрқайссының өзіне сай бөлек стилі бар.

Десе де, Шымкент, ШҚО, Жамбыл және Қарағанды облысының теннисшілері ерекше болып келеді.

Спортшының өзін психологиялық тұрғыдан дайындауына және жас теннисшілердің шеберлігін шыңдауға жастар ойыны таптырмас алаң болады деп ойлаймын", - дейді Айдос Кенжеғұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер