«Қайрат» футболшысы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына шақырту алды

«Қайрат» футболшысы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына шақырту алды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қырғызстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының (F тобы) іріктеу матчтарына дайындалатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімдегі 25 футболшының қатарында «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов бар.

Команда 30 мамырда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынында кездесіп, 2 маусымда Осакаға ұшады. Онда Мьянма, Моңғолия және Жапония құрамаларымен кездеседі.

Матчтар кестесі:

7 маусым (дүйсенбі): Қырғызстан - Моңғолия;
11 маусым (жұма): Мьянма - Қырғызстан;
15 маусым (сейсенбі): Жапония - Қырғызстан.

Еске салайық, Алыкулов «Қайрат» сапында 2020 жылдан бері ойнайды. Осы маусымда ойыншы Қазақстан чемпионатында 11 кездесу өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер