Бокс

Қазақстан құрамасы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады

Қазақстан құрамасы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 18 мамырда бокстан Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамаларының өкілдері Куба және Германиямен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оқу-жаттығу жиыны 30 мамырға дейін Германияның Грюнхейд қаласында жалғасады. Қазақстан құрама сапынан Бейбарыс Жексен (57 келіге дейін), Ермахан Жақпеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (91 келіге дейін) және Дамир Тойбай (91 келіден жоғары) шеберліктерін шыңдайды.

Әйелдер командасының атынан жаттығу жиынына Мария Гладкова, Дариға Шакимова, Балжан Асқар, Айжан Ходжабекова, Виолетта Князева, Надежда Рябец қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер