Ауыр атлетика

«Маусым айында анықталады». Бас жаттықтырушы Токиоға баратын басты үміткерлерді атады

«Маусым айында анықталады». Бас жаттықтырушы Токиоға баратын басты үміткерлерді атады
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, команда ішіндегі Токио Олимпиадасына іріктеу критерийін түсіндірді және Азия чемпионатын қорытындылады.

- Қазақстандық ауыр атлеттердің Ташкентте өткен Азия чемпионатындағы өнерін қалай бағалайсыз?

- Біздің жігіттер өте жақсы өнер көрсетті. Жеті медаль жеңіп алды - бір алтын, үш күміс және үш қола. Бір жылдан астам уақыт бойы мұндай халықаралық жарыстарда өнер көрсетпегенімізді ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша ерлер командасы жалпы командалық есепте көшбасшы болды, ал қыздарымыз төртінші орынға ие болды. Бұл өте жақсы нәтиже.

- Кімдердің нәтижесі жақсарды?

- Жігіттердің барлығы дерлік өздерінің үздік нәтижесіне қол жеткізді, біреуін бөліп атау қиын. Осы жолғы ересектер арасындағы турнирде бірнеше жас спортшымыз жақсы өнер көрсетті. Олар: Артем Антропов, Карина Құзғынбаева, Нұрғиса Әділетұлы, Абылай Әуелханов...

- Біздің ауыр атлеттердің арасында Олимпиаданың іріктеу критерийлерін орындағандар бар ма?

- Өздеріңіз білетіндей, олимпиадаға іріктеу рейтинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ал бұл жүйе әлі жабылған жоқ, рейтинг жасау кезеңі 31 мамырға дейін созылады. Әлі бірнеше іріктеу жарысы өтеді, соның ішінде U20 әлем чемпионаты бар. Бірақ олимпиадалық командаға кіруге басты үміткерлер ол жарысқа бармайды.

- Ол үміткерлер кімдер?

- Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон. Нақты есімді тек маусым айында, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінен растама алған кезде ғана атай аламыз.

- Допинг дауына байланысты бізде Токио ойындарына екі-ақ квота бар (ерлер мен әйелдер). Егер бірнеше адам Олимпиада критерийін орындаса, кімді таңдайсыздар?

- Бұл рейтингтік жүйе болғандықтан, әр спортшы іріктеу нәтижелеріне байланысты белгілі бір қатарда тұрақтайды. Ұлттық құрамада іріктеу принципі өте қарапайым - кім көп ұпай жинап, бабында болса сол барады.

Айта кетейік, түрлі допинг дауына байланысты Қазақстан құрамасы Олимпиадаға толық құраммен (4 ер, 4 әйел) бара алмайды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен біздің ел екі спортшы (бір әйел, бір ер адам) ғана апарады. Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және Армения командалары да осындай жазаға тартылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер