Қазақстандық жеңіл атлеттер Чехиядағы халықаралық турнирде бақ сынады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЧехияның Подебрады қаласында спорттық жүрістен халықаралық жарыс өтуде. Аталған сынға Қазақстан тарапынан екі атлет қатысты.
20 шақырымға жарысудан Регина Рыкова мен Галина Якушева бақ сынаған болатын. Жарыс нәтижесі бойынша Якушева 22-ші, Рыкова 37-ші орыннан көрінді.
Турнирде италиялық Антонела Палмисано топ жарды. Екінші және үшінші орынды Испания атлеттері Мария Перес пен Лаура Гарсия өзара бөліскен.