Қазақстан чемпионатының сәуірдегі үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Қазақстан чемпионатының сәуірдегі үздік ойыншысы мен бапкері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа маусымнан бастап үздік ойыншыны анықтауға арналған сауалнамаға бас бапкерлерден бөлек команда капитандары қатысады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Сәуір айының үздік ойыншысы болып елордалық «Астана» командасының легионері Марин Томасов атанды. Хорватиялық ойыншы 45 ұпай жинады.

Аталмыш тізімде екінші орынға шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Жоао Пауло орналасты. Ол 30 ұпайға ие болды. Үшінші орында – «Тараз» командасының көшбасшысы Педро Эуженио. Португалдық ойыншы 20 ұпайға қол жеткізді.

Сәуір айының үздік бас бапкері болып «Астана» командасының жаттықтырушысы Андрей Тихонов атанды. Ресейлік маман 5 ұпай жинады.

Екінші орынды 4 ұпаймен «Тараз» командасының бапкері Вардан Минасян иеленді, үздік үштікті ақтаулық «Каспий» командасының бапкері Срджан Благоевич (4 ұпай) тәмамдады.

Жүлделерді жеңімпаздарға футболдан Қазақстан Чемпионатының 11-тур «Астана»-«Жетісу» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер