Хоккей

Қазақстанмен бір топта ойнайтын Латвия құрамасы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстанмен бір топта ойнайтын Латвия құрамасы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанмен бір топта ойнайтын Латвия құрамасы хоккейден әлем чемпионатына баратын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Латвия хоккей федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Тізімге 28 ойыншы - 3 қақпашы, 9 қорғаушы мен 16 шабуылшы енді.

Қақпашылар: Матисс Кивлениекс («Коламбус Блю Джекетс», ҰХЛ), Янис Калниньш («Йокерит», ҚХЛ), Иварс Пунненовс («Лангнау Тайгерс», Швейцария).
Қорғаушылар: Кристианс Рубинс («Торонто Марлис», АХЛ), Янис Якс («Бейкерсфилд», АХЛ), Кристапс Сотниекс, Кристапс Зиле, Гунарс Скворцов (бәрі де – «Динамо» Рига, ҚХЛ), Оскарс Цибульскис, Увис Балинскис (екеуі де – «Литвинов», Чехия), Артурс Кулда («Нюрнберг», Германия), Ральфс Фрейбергс («Тршинец», Чехия).
Шабуылшылар: Каспарс Даугавиньш («Витязь», ҚХЛ), Лаурис Дарзиньш, Микс Индрашис, Андрис Джериньш, Робертс Букартс, Рихардс Букартс, Мартиньш Дзиеркалс (бәрі – «Динамо» Рига, ҚХЛ), Мартиньш Карсумс («Крефельд», Германия), Родриго Аболс («Эребру», Швеция), Роналдс Кениньш («Лозанна», Швейцария), Микелис Редлихс («Олимп», Латвия), Марис Бичевскис («Млада-Болеслав», Чехия), Рихардс Маренис («Кируна», Швеция), Оскарс Батня («Англет», Франция), Ренарс Крастенбергс («Виллахер», Австрия), Гинтс Мейя («Блэк Уингз», Австрия).
Бас бапкер: Боб Хартли.
Бапкерлер: Артис Аболс, Раймондс Вилкойтс, Эдгарс Масальскис.

Әлем чемпионаты 21 мамыр мен 6 маусым арасында Ригада өтеді.

Фото lhf.lv

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер