ММА

Оливейра – Чендлер мен Фергюсон – Дариуш жекпе-жектерін тегін қарауға болады

Оливейра – Чендлер мен Фергюсон – Дариуш жекпе-жектерін тегін қарауға болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан уақытымен 16 наруызда таңда Хьюстондағы (Техас штаты, АҚШ) Toyota Center аренасында UFC 262 турнирі өтеді. Шоудың басты жекпе-жегінде бразилиялық Чарльз Оливейра (30-8) мен америкалық Майкл Чендлер (22-5) жеңіл салмақта ұйым чемпионы титулын сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тағы бір басты кездесуде жеңіл салмақта бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон (25-5) мен Бенеил Дариуш (20-4-1) күш сынасады.

РЕН ТВ телеарнасының көрермендері негізгі кардтың мына жекпе-жектерін тамашалай алады:

Чарльз Оливейра — Майкл Чендлер

Тони Фергюсон — Бенеил Дариуш

Мэтт Шнелл — Рожерио Бонторин

Жекпе-жектер трансляциясы 16 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен, шамамен, 9:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер