ММА

Арман Оспановтың қарсыласы жайлы бірнеше факт

Арман Оспановтың қарсыласы жайлы бірнеше факт
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Арман Оспановтың (11-3) Professional Fighters League промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.

Арман Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейін француз Энтони Деасимен(13-4) кездеседі деп айтылған еді. Жекпе-жек 10 маусымда өтеді.

Крис Уэйд аралас жекпе-жекке келместен бұрын, күреспен шұғылданып, Нью-Йорк штатынының чемпионы болған.

Артынша кикбоксингке ауысып, әуесқойлар арасында түрлі жарыстарға қатысты.

20211 жылы түбегейлі ММА-ға ауысып, аралас жекпе-жектегі мансабын бастады. Алғашқы бес жекпе-жегінде қарсылас шақ келтірмеген. Алайда алтыншы айқасында жеңілістің ашшы дәмін татты.

Рекорды 7-1 болған сәтте Крис Уэйдке UFC-ден ұсыныс түсті. Бұл 2014 жыл. Осы күнге дейін ол UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті.

Professional Fighters League ұйымына 2018 жылы ауысты. Бұл лигада ол 6 айқасында жеңсе, 6-де ұтылды.

Еске салайық, Арман Оспановтың соңғы жекпе-жегі 2020 жылы наурызда өтіп, бірінші раундта ресейлік Расул Мирзаевты (18-3) нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер