Басқа

Садақ атудан әлем кубогы кезеңінің финалы өтетін жер белгілі болды

Садақ атудан әлем кубогы кезеңінің финалы өтетін жер белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Садақ атудан әлем кубогінің финалдық кезеңі АҚШ-та өтетін болды, деп хабарлайды, Olympic.kz.

Әлем кубогі кезеңінің финалы 29-30 қыркүйек күндері АҚШ-тың Янктон аймағында ұйымдастырылады. Аталған жарыс биылғы маусымның соңғы додасы болмақ.

Айта кетерлігі, дәл осы Янктонда 19-26 қыркүйекте садақ атудан әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар екі жарыстың бір жерде өткізілуін қатысушылардың, атап айтқанда спортшылардың қауіпсіздігі үшін деп түсіндірді. Дәлірек айтқанда, көшуге байланысты мәселенің азайтатынын айтқан. АҚШ-та тұңғыш рет қос жарыс бір жерде өтеді.

Сондай-ақ, Янктонда садақ атудан бүкіләлемдік конгресс те ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер