Чехия чемпионатының екінші финалисті анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутзалдан Чехия чемпионатының финалына шыққан екінші команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда «Сварог» командасын төрт ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген «Хрудим» ақтық сынға жолдама алды.
«Хрудим» финалда «Пльзень» командасымен кездеседі.
Айта кетейік, «Хрудим» футзалдан Чехияның 15 дүркін чемпионы.
«Сварог» (Теплице) – «Хрудим» (Хрудим) 3:5 (1:1)
Гол соққандар: Баран (9), Адриано (31), Жоао Салла (37) – Эвертон (14), Дрозд (22), Коуделка (29), Словачек (34), Макс (40).