Қазақстандық таеквондошылар Мысырда жаттығып жатыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық таеквондошылар Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Халықаралық жаттығулар 7 мамырда басталып, 16 мамырға дейін жалғасады. Мысыр құрама командасының қатысуымен өтіп жатқан жиынға 12 қазақстандық спортшы, сонымен қатар 2 жаттықтырушы – Давранбек Ризаев пен Нұрсұлтан Мамаев шақырылды.
Біздің отандастарымызды таеквондо бойынша шеберлік пен тәжірибе алмасуға шақырған, бірлескен оқу-жаттығу жиынының бастамашылары Мысыр таеквондо федерациясы екенін атап өткен жөн.