Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов топ жарды. Ойыншы 9 дауыс жинады.
«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік қақпашысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» капитаны Игитаға тең келер ешкім болмады. Игитаны үздік деп танығандар саны - 13.
«Футзалдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік сұрмергені» атағын алматылық «Қайраттың» ойыншысы Эдсон иеленді. Бразилиялық шабуылшы 39 гол соғып, үздік шықты.