Теннис

Тимофей Скатов Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Тимофей Скатов Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстандық жас теннисші Тимофей Скатов Түркиядағы Анталия ITF турнирінің ширек финалына шықты.

Әлемнің 442-ракеткасы, осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген 20 жастағы Т.Скатов алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 867-орында тұрған ресейлік Владимир Королевпен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов екінші айналымда швециялық, 17 жасар Лео Боргпен шеберлік байқасты. Мұнда да ол қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ұтты. Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 381-інші, осы доданың 3-ракеткасы, аустриялық Александр Эрлермен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер