«Астана» «Жетісуды» жеңіп, көш басындағы орнында қалды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бірінші турындағы тағы бір ойын аяқталды.

Бұл жолы «Ақтөбе» өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Алаң иелері 13 ұпаймен тоғызыншы орында тұрса, қызылордалықтар небәрі 6 ұпаймен 13 орынды місе тұтты.

Ойын барысында «Қайсар» алғашқы олып есеп ашты. Оны 27-минутта Каролис Лаукжемис өзінің еншісіне жазды. Ал 43-минутта ақтөбелік Игорь Сергеев таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер