ҚПЛ: «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең тарқасты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан чемпионатының 11-турында «Ақтөбе» мен «Қайсар» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтөбеде өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Қос голда да бірінші таймда соғылды. Алдымен қонақтар сапынан Каролис Лаукжемис 28-минутта көзге түссе, 43-минутта Игорь Сергеев есепті теңестірді.
«Ақтөбе» – «Қайсар» – 1:1 (1:1)
Гол соққандар: Сергеев - Лаукжемис.
«Ақтөбе»: Жасур Нарзикулов (Қ) (К) – Михал Йерабек, Лаша Тотадзе, Дінмұхамед Кашкен, Әділхан Таңжарықов – Тонго Думбия, Эрвейн Мукам, Юрий Перцух – Максим Федин, Боян Дубайич, Игорь Сергеев.
«Қайсар»: Марсель Исламкулов (Қ) – Сергей Карпович, Бекзат Шадманов, Тимур Рудосельский, Егор Потапов, Ілияс Әмірсейітов – Думан Нәрзілдаев (К), Кларенс Битанг, Арман Кеңесов – Стефан Денкович, Каролис Лаукжемис.