Әлем футболы

Карим Бензема Тьерри Анриден озды

Карим Бензема Тьерри Анриден озды
news-banner7
mobile-news-top

Испания чемпионатының 36-турында «Реал Мадрид» сырт алаңда «Гранаданы» 1:4 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бір гол соқты. Франциялық ойыншы 76-минутта мергендігімен көзге түсті.

Бұл оның мадридтік клуб сапында Ла лига аясында соққан 191-голы болды. Ол «Реалға» дейін «Лион» сапында Франция чемпионатында 43 гол соққан. Демек оның Еуропадағы 5 ірі чемпионатта соққан голдарының жалпы саны 234-ге жетті.

Осылайша, Бензема 5 ірі чемпионатта ең көп гол соққан франциялық ойыншылар тізімінде екінші орынға көтерілді. Ол Францияның атақты шабуылшысы Тьерри Анриді (233) басып озды.

Айта кетейік, Бенземаның алдында өткен ғасырдың 70-80 жылдары доп тепкен Бернард Лакомбе ғана қалды. Ол мансабында тек Франция чемпионатында өнер көрсетіп, 255 гол соққан.

Бензема «Реалдың» Ла лигадағы сұрмергендер тізімінде 4-орынға көтерілді

Чемпиондар лигасы: Бензема Раульмен теңеседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер