Бірінші лига: Сәуір айының үздік ойыншысы анықталды

Бірінші лига: Сәуір айының үздік ойыншысы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Бірінші лиганың сәуір айындағы үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік ойыншы Бірінші лига командаларының бас бапкері мен капитандары арасындағы сауалнама арқылы анықталады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Сәуір айының үздігі болып «Мақтаарал» командасының шабуылшысы Вячеслав Сердюков атанды. Тәжірибелі ойыншы 16 ұпай жинады.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Қайрат-Жастар» командасының ойыншысы Айбар Абдолла ие болды, ол 8 ұпай жинады. Үшінші орынды 7 ұпай жинап, екі ойыншы бөлісті - Матвей Матвиенко («Екібастұз») және Санат Жұмаханов («Оқжтепес»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер